Сертификат тегін беріледі

Дата: 
08.12.2010

08.12.10.
Бір жылдан бері қарай бұл шаруамен Сауда-өнеркәсіп палатасы айналысуда. Сірә, бүгінгі күні су тегін қызмет көрсететін тек осы ұйым ғана болса керек

Кез келген қызмет көрсетулер үшін ақы төлейміз. Ал Сауда-өнеркәсіп палатасының экспортқа тауар шығарушылардың өнімдерінің шығу тегі Қазақстан екенін көрсететін сертификат беруі тегін екен. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы елімізде, сондай-ақ шетелдерде ұлттық бизнестің мүддесін ұсыну мен алға жылжытуға бағытталған коммерциялық емес және мемлекеттік емес ұйым. Ђткен жылдың 11 шілдесіне дейін сертификат берумен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті айналысып келіп, содан кейін бұл құзыр сол жылдың 23 қазанында Сауда-өнеркәсіп палатасына өтіпті. Қазақстан - үкімет, дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып, мемлекеттік функцияны палатаға берген әлемдегі 127-ші мемлекет екен. Бір жылдың ішінде Сауда-өнеркәсіп палатасы қазақстандық тауарға 72 230 сертификат берген. Бұл жерде баса айта кететін бір мәселе бар, ол - Сауда-өнеркәсіп палатасының беретін сертификатының экспортқа шығарылатын тауардың сапасына еш қатысы жоқ екендігі.
Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылары баспасөз мәслихатын өткізіп, онда қазақстандық экспортшыларға көрсетіліп жатқан көмек пен қолдаулардың мән-жайымен таныстырған болатын. «Сертификат, экспортқа шығарылатын тауардың шыққан тегінің шын мәнінде Қазақстан екендігіне беріледі», деді Алматы қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Мұхтархан Бияров мырза. Бұл біздің өткен апталардағы қазақстандық 9 вагон астықты ресейліктердің сапасы нашар деп, қайтарып жіберуі туралы қойылған сауалымызға орай берілген жауап. Тауардың сапасы жайындағы сертификатты басқалар береді екен.
«Кеңестер одағы кезінде сертификат берумен осы сауда палаталары айналысатын. Сондықтан да аталған функция өздеріне араға біраз жылдар салып қайтып оралған кезде ұйымдағылар еш сасқан жоқ. Себебі бізде оның айқын жолы, тәжірибелі маман-кадрлар бар болатын. Содан оны бірден алып кеттік. Берілген сертификаттар мен сараптама актілерінде аумақтық палаталар, эксперттік ұйымдар, сондай-ақ экспорттаушы-декларанттар жағынан тауарлар туралы мәліметтердің жалғандығы мен дерексіздігі фактілері, сертификаттар беру мерзімінің бұзылуы және айып салу жағдайлары болған емес», деді ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ерлан Қожасбай мырза. Оның айтуынша, СЂП берген сертификаттар әлемнің 88 елінде танылған. Сонымен қатар отандық тауар өндірушілердің тауарларын сыртқы нарыққа шығару мақсатында берілетін сертификатты алу реті де оңайлатылған. Қазақстандық экспортшылар бұрынғыдай сыртқы сауда операцияларын іске асыру үшін қажет болатын сертификаттарды алу процесінде қыруар қаржысын төлеп ғана қоймай, сонымен бірге уақыттарын да сарыла күтіп сарп етпейтін болған. Палата Қазақстанның барлық аймақтарына бір-екі жұмыс күні ішінде сертификат береді. Сонымен қатар палата мамандары сауданың халықаралық ережелерінің сыртқы экономикалық қызметіне, шетелге шығатын Қазақстан тауарына қолайлы жағдай жасау және ынталандыру тәртібіне тегін кеңес те береді екен. Бұл құзыр оларға «СЂП туралы» және «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңдарының және басқа да нормативтік актілерінің нормаларына қатаң сәйкестендіріліп берілген. Сертификат алғандар кедендік қиындықтарға жолықпайды.
2009 жылдың 23 қазанына дейін 57 мың 400 сертификат беріліпті. Яғни былтырдан бері қазақстандық экспортшылар саны көбейген. Оның үстіне Сауда-өнеркәсіп палатасы сертификат беру процесін жеделдетуді жүзеге асырған. Ал енді осы сертификат беруді тегін жасайтын біздің ел ғана екен. Ерлан Қожасбайдың айтуынша, Тәжікстанда бизнесмендер оған 45, Арменияда 50 доллар төлейді екен. Алыс-жақын шетелдердің бәрінде сертификат үшін ақы төленеді. Ал бұрын біздің елде де оны алу үшін кәсіпкерлердің кемінде 150-200 доллары (оның ішіне сапаны анықтау экспертизасы да кіреді) шығындалып келген. «тегін ешкім жұмыс істемейді. Сертификат беру үшін құжаттар алдымен шетел тіліне аударылады, оның ішінде бухгалтерлік есептеулер де кіреді, құжаттарды архивте сақтау үшін де қаражат қажет, сондықтан еш болмаса 35 доллардан төлем алсақ жақсы болар еді», деп құлаққағыс жасайды палата жетекшілері.